«100 сұрақ – 100 жауап» анықтама
№ п/п |
Сұрақ |
Жауап |
|
Бөлім: Адам құқықтарын қорғау |
|||
1 |
«111» отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сенім телефонының бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы не үшін қажет? |
«111» Байланыс орталығы «мұнда және қазір» қағидаты бойынша ұйымдастырылған, әр жағдайға жеке көзқараспен қарайды. Байланыс орталығы азаматтарға келесі мәселелер бойынша көмек көрсетеді: - әділдікті қалпына келтіру және емделуге қол жеткізу; - мемлекеттік қызметтер мен жәрдемақылар алу; - ақпараттық сұраулар; - тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау; - балалары бар әйелдерді уақытша орналастыру; - білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарына шағымдар; - алаяқтық жолмен заңсыз кредиттерді ресімдеу кезінде көмек; - оқыту, жұмысқа орналастыру бағдарламалары бойынша түсіндіру және тағы басқалар. Өтініш берушілердің мәселелерін шешу кезінде байланыс орталығының қызметкерлері мемлекеттік органдармен және басқа да мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды. Байланыс орталығының жұмыс режимі-тәулік бойы. |
|
2 |
Тегін заң көмегіне қайда жүгінуге болады? |
Қазақстанда тегін заң көмегін мемлекеттік құқықтық көмек орталықтары (сенім телефоны арқылы жүгінуге болады: 1414 немесе 119), сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін қылмыстық және кейбір азаматтық істер шеңберінде мемлекет тағайындайтын адвокаттар, заң консультанттары ұсынады. |
|
3 |
Сотқа талап қою үшін мемлекеттік баждың қанша сомасын төлеу керек? |
Әкімшілік талап арыздар мен өтініштер беру үшін мемлекеттік баж мынадай түрде айқындалады: 1) мүліктік сипаттағы талап-арыздар үшін – жеке тұлғалар талап қою сомасының 1%, бірақ 10 000 АЕК артық емес; - заңды тұлғалар-талап қою сомасының 3%, бірақ 20 000 АЕК-тен аспайды. 2) мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағымдар: - жеке тұлғалар - 0,3 АЕК; - заңды тұлғалар - 5 АЕК. 3) салықтық хабарламаларға дау айту жөніндегі әкімшілік талап-арыздар үшін: - ЖК және фермерлер үшін: соманың 0,1%, бірақ 500 АЕК-тен аспайды; - заңды тұлғалар үшін: соманың 1%, бірақ 20 000 АЕК артық емес. |
|
4 |
Азаматтық сот ісін жүргізуде талап арызды қайда беруге болады? |
Талап арыз жауапкердің тұрғылықты жері бойынша (жеке тұлғалар үшін) немесе заңды тұлғаның немесе ұйымның құжаттарында көрсетілген мекенжай бойынша сотқа беріледі. |
|
5 |
Азаматтық іске қатысатын тұлғалардың құрамына кімдер кіреді? |
Іске қатысушы тұлғалар талапкерлер, жауапкерлер, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, өтініш берушілер және сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша өзге де мүдделі тұлғалар болып табылады. |
|
6 |
Сот процесіне өзі (немесе өкіл арқылы) қатыса ала ма? |
Азаматтар өз істерін сотта өзі немесе өкілдер арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске жеке қатысуы оның осы іс бойынша өкіл болу құқығынан айырмайды. |
|
7 |
Сот процесін тағайындау туралы тараптарға қалай хабарланады? |
Іске қатысушылар мен олардың өкілдерін шақыру қағаздары, электрондық поштаға хабарламалар, телефон нөмірлері немесе хабарламаны тіркей отырып, басқа да құралдар арқылы соттың немесе іс жүргізу әрекетінің уақыты мен орны туралы хабардар етеді. |
|
8 |
Қандай жағдайларда талап арызды қабылдаудан бас тартады? |
Судья талап қоюдан бас тартады, егер: 1) іс азаматтық сотта қаралуға жатпаса; 2) сол тараптар арасында осы дау бойынша істі тоқтату туралы сот шешімі немесе ұйғарым болғанда; 3) сот осы дау бойынша төреліктің шешімі туралы білсе; 4) Тараптар арасында жасалған атқарушылық жазба болса. |
|
9 |
Сот шешіміне қалай шағымдануға болады? |
Сот шешіміне шешім шығарылған күннен бастап бір ай ішінде түпкілікті нысанда шағымдануға болады. Шешімнің көшірмесін алған күннен бастап талқылауға қатыспаған тұлғалар үшін. |
|
10 |
Азаматтық істер қандай мерзімде қаралады? |
Азаматтық істер сотпен, істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап екі ай ішінде қаралады және шешіледі. Азаматтық істердің жекелеген санаттары үшін қарау және шешу мерзімдері өзгеше болуы мүмкін. |
|
11 |
Апелляциялық шағым беру мерзімі өтіп кеткен жағдайда не істеуге болады? |
Процессуалдық мерзімдер өтіп кеткен жағдайда, олардың себебі дәлелді деп танылса, сот мерзімді қалпына келтіре алады. Апелляциялық шағым мерзімін қалпына келтіру туралы өтініш бірінші сатыдағы сотқа, құқық бұзылғанын өтініш беруші білген күннен бастап бір ай ішінде беріледі. Өтінішке қоса:
|
|
12 |
Рұқсат беру құжаттарын алу үшін лауазымды тұлға пара беруді меңзесе не істеу керек? |
1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына қоңырау шалып, лауазымды тұлғаның пара беруді меңзегені туралы хабарлаңыз. |
|
13 |
Әкімшілік айыппұлдың бар-жоғын қайдан және қалай тексеруге болады? |
Әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын Qamqor.gov.kz сайтынан тексеруге болады. Сондай-ақ бұл сайтта құқық бұзушылықтың фотосуреті мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы көру мүмкіндігі бар. |
|
14 |
Ақпаратқа қол жеткізуге қандай жағдайларда бас тартылады? |
ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес ақпаратқа қол жеткізуден бас тартылады:
|
|
15 |
Адам саудасының құрбаны болмас үшін шетелде жұмыс істеу ұсынылса, не білу қажет? |
|
|
16 |
Алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек? |
Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, келесі қадамдарды орындаңыз:
|
|
17 |
Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орын алса не істеу керек? |
ЖКО кезінде жүргізуші:
Сонымен қатар ЖКО болғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде өзіңіздің сақтандыру компанияңызды хабардар ету қажет. |
|
18 |
Салынған айыппұлды онлайн режимде қалай шағымдауға болады? |
Айыппұлды өз бетінше Qamqor.gov.kz порталы арқылы шағымдануға болады. Qamqor.gov.kz сайтының басты бетінде «Әкімшілік құқық бұзушылықтарды шағымдану» қызметін таңдап, «Әкімшілік істер бойынша шағымдар беру» батырмасын басыңыз және ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіңіз. Айыппұлды төлеу туралы ұйғарымға немесе айыппұл салу туралы қаулыға шағым оларды құрастырған/шығарған органға беріледі. |
|
19 |
Жеке куәлікті жоғалтқан жағдайда не істеу қажет? |
Егер жеке куәлігіңіз жоғалса немесе ұрланған болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының кез келген бөлімшесіне келесі құжаттармен (ХҚКО) жүгінуге болады: Жоғалған жағдайда:
Ұрланған жағдайда:
|
|
20 |
Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды жоғалтқан жағдайда не істеу қажет? |
Егер жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды жоғалтсаңыз, жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша ХҚКО-ға немесе онлайн қызмет арқылы өтініш беруге болады. Өтінішке келесі құжаттарды қоса беру қажет: жеке куәлік; дубликат беру үшін мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек немесе төлем чегі. Қызмет көрсету мерзімі – өтініш келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні. |
|
21 |
Тұтынушы сапасыз тауар сатып алғанда қандай құқықтарға ие? |
Егер Сізге сапасыз тауар сатылса және оның ақаулары сатушы тарапынан ескертілмесе, тұтынушы келесі құқықтарға ие:
|
|
22 |
Егер сатушы сапасыз тауарды қайтарып алудан бас тартса, өз құқықтарыңызды қалай қорғауға болады? |
Сатушыға жазбаша шағыммен жүгініп, ақшаны қайтаруды немесе тауарды айырбастауды талап ете аласыз. Егер сатушы бас тартса, Тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша аумақтық департаментке шағымдануға болады. |
|
23 |
Коммуналдық қызметтер бойынша қате есептеу нәтижесінде айтарлықтай сома артық төленгені анықталса не істеу керек? |
Егер қате есептеу нәтижесінде артық төлем жасалса, коммуналдық компанияға жазбаша өтінішпен жүгініп, есептеу қайта қарауды және артық төленген қаражатты қайтаруды талап етіңіз. Егер компания қатені түзетуден бас тартса, жергілікті атқарушы органға және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне шағым түсіруге болады. Сондай-ақ сотқа талап арыз беріп, артық төленген қаражатты қайтаруды және моральдық шығынды өтеуді талап етуге құқығыңыз бар. Дұрыс есептелмегенін және артық төленгенін растайтын құжаттарды жинау маңызды. |
|
Бөлім: Кәсіпкерлік |
|||
24 |
Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қалай жүгінуге болады? |
Сіз Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 1432 телефоны арқылы жеке хабраласып, [email protected] электрондық пошта немесе atameken.kz ресми сайты арқылы жүгіне аласыз. |
|
25 |
Уәкілетті органдар тарапынан тексеру жүргізілген кезде кәсіпкер не білуі керек? |
Уәкілетті органдар тарапынан тексеру тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі, ол заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті түрде тіркелуі тиіс. Тексерудің басталуы тексеру тағайындау туралы актінің тапсырылған күнінен басталады. Тексеруші лауазымды тұлғалар келесі құжаттарды көрсетуі тиіс: тексеру тағайындау туралы акт және оның тіркеу белгісі; қызметтік куәлік; қажет болған жағдайда нысанды мекемеге кіруге рұқсат құжаты және т.б. Кәсіпкер тексеру тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері актісіне және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне шағымдануға құқылы. |
|
26 |
Тексерулерді тіркеу туралы ақпаратты қай сайттан көруге болады? |
Тексерулерді тіркеу туралы ақпаратты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталынан (Qamqor.gov.kz) алуға болады. |
|
27 |
Тексеру кезінде мемлекеттік органның қызметкерлері Сізге қажетті құжаттарды ұсынбады. Мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керек? |
Құжаттарды жазбаша түрде сұрату қажет. Егер қызметкерлер бас тартса, жоғары тұрған органға немесе прокуратураға жүгіну керек. |
|
28 |
Бақылау және қадағалау органы тексеру жүргізгу кезінде кәсіпкерлік субъектісі не білуі керек? |
Алдын алу және профилактикалық бақылау тексеру кезінде бақылау және қадағалау субъектісіне (нысанына) бару арқылы тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексерілуге жатады. Тексеру парағына енгізілген талаптар келесі өлшемшарттарға сәйкес болуы керек:
Бақылау және қадағалау органы тексерудің басталуы туралы кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын, жоспардан тыс тексеру үшін 1 күн бұрын хабарлануы тиіс. |
|
29 |
Кедендік тексерудің түрлері, мерзімдері және тексеру нысандары қандай? |
Кедендік тексеру камералдық немесе көшпелі түрде жүргізілуі мүмкін. Кедендік тексеру жүргізу барысында кеден органдары тексере алады: - тауарлардың кедендік рәсімімен орналастырылғанын растау; - кедендік декларацияда және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын; - шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану немесе иелену шектеулерінің сақталуын; - кеден саласында қызмет атқаратын тұлғалардың кедендік заңнамада көзделген міндеттерін орындауын; - уәкілетті экономикалық оператордың уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу шарттарының сақталуы және кеден заңнамасында көрсетілген басқа да міндеттерді орындауы; - тауарларды кедендік рәсімдерге сәйкес пайдалану шарттарының және кеден заңнамасында белгіленген басқа да талаптардың сақталуын. Камералдық кедендік тексеру жүргізу мерзімі тексеру басталғаны туралы тексерілуші тұлғаға хабарлама жіберілген күннен бастап алпыс күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Көшпелі кедендік тексеру мерзімі екі айдан аспауы қажет. Кедендік заңнаманың бұзылғаны анықталған жағдайда тексеру нәтижелері туралы хабарлама беріледі. Мұндай хабарламаны орындау мерзімі оны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайды. Тексерілуші тұлға хабарламаны отыз жұмыс күн ішінде шағымдай алады. |
|
30 |
«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін құжаттарды қайда тапсыру керек? |
Құжаттарды электрондық форматта, Электрондық үкімет веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» МК» АҚ (ХҚКО) арқылы тапсыру қажет. Құжаттар әлеуметтік қолдау шараларын көрсету немесе кезекке қою мәселесін қарау үшін тапсырылады. |
|
31 |
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруға/субсидиялауға арналған мемлекеттік қолдау құралдары қандай? |
Мемлекет кәсіпкерлерді қаржыландыру/субсидиялау бойынша түрлі бағдарламаларды жүзеге асырады. Мысалы, «Бірыңғай кешенді бағдарлама». Бұл бағдарламаның қаржылық операторы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ. Бағдарлама бағыттары мен өлшемшарттары туралы толық ақпаратты damu.kz сайтынан алуға болады. |
|
32 |
АӨК кәсіпорындарын субсидиялаудың өлшемшарттары қандай? |
АӨК дамыту субсидиялау қағидаларына сәйкес, әрбір қызмет түріне қатысты жеке өлшемшарттар белгіленген. Негізгі жалпы өлшемшарттар ІҚМ/ҰҚМ жеткілікті санының болуы немесе тиісті инфрақұрылымның болуы. |
|
33 |
Бизнесті ашуға грантты қалай алуға болады? |
Мемлекеттің азаматтарға бизнес бастауға мүмкіндік беретін, жолдары: - «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздерін оқыту; - жеке ісін ашуға қайтарымсыз гранттар беру. Жобаны Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» жүзеге асырады. Қатысушылар кәсіпкерліктің негіздерін оқып, қаржы институтынан қаражат алып қана қоймай, бизнес-жоспар әзірлеу, жобаны қорғау және қолдау бойынша көмек ала алады. |
|
34 |
Жеке ұйымдардың қызметкерлеріне (мысалы, ЖШС, ШҚ, ЖК және т.б.) көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несие шаралары көрсетіле ме? |
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы мамандарға, сондай-ақ ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларында маман жұмыс істейтін ұйымның меншік нысанына талаптар көзделмеген. Осыған байланысты, жеке ұйымдарда жұмыс істейтін мамандар әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін өтініш бере алады. |
|
35 |
ЖК қалай ашуға болады? |
ЖК ретінде тіркелу үшін жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарламаны салық органына тапсыру қажет. Хабарламаны мынадай тәсілдермен тапсыруға болады: - электронды түрде – Қазақстан Республикасының Электрондық лицензиялау порталы e-license арқылы; - қағаз түрінде – жүгіну тәртібімен қызмет көрсету орталықтары немесе «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы; - екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы; - «E-Salyq business» мобильді қосымшасы арқылы. Хабарлама беру қызметі тегін көрсетіледі. Салық органы 1 жұмыс күні ішінде ЖК ретінде тіркеу жүргізеді. |
|
36 |
Жаупкершілік шектеулі серіктестігі қалай тіркеледі? |
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін тиісті әділет органына құрылтай құжаттарын қоса отырып, белгіленген форма бойынша өтініш беру қажет. |
|
37 |
Шаруа (фермерлік) қожалығы жер учаскесін пайдалану құқығын қалай ала алады? |
Жер учаскелері шаруа немесе фермерлік қожалықты жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс негізінде беріледі. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары арқылы жүзеге асырылады. |
|
38 |
Қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші ретінде қалай тіркелуге болады? |
Қосылған құн салығын төлеуші ретінде мемлекеттік кірістер органына тіркелу үшін электрондық үкімет веб-порталы арқылы немесе салық органдарына белгіленген үлгідегі өтініш беру арқылы тіркелуге болады. |
|
39 |
Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне қалай тіркелуге болады? |
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне ену үшін кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті органға өтініш беру қажет. Тізілім 31-желтоқсандағы жағдай бойынша келесі жылдың 1-ақпанына дейін бекітіледі. |
|
40 |
Тауар жеткізу бойынша шарт жасалды, жеткізуші төлемді қолма-қол талап етеді. Бұл заңды ма? |
Келісім сомасы айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асатын мәмілелер бойынша төлемдер ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Егер мәміле сомасы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асса, төлем тек қолма-қол емес тәртіппен жасалуы қажет. |
|
41 |
Қолма-қол емес тәртіппен есеп айырысуды қабылдаудан бас тартқаны үшін қандай жауапкершілік көзделген? |
Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын қолдану арқылы төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген: алғаш рет бұзғаны үшін – ескерту, қайтадан бұзғаны үшін – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 60 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 80 АЕК көлемінде айыппұл салынады. |
|
42 |
Мен тауар сатып алғаным үшін қолма-қол емес төлем қабылдамауға құқым бар ма? |
Қолма-қол емес төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады, себебі заңнамада төлемнің әртүрлі тәсілдері – банктік картамен, QR төлеммен немесе қолма-қол ақшамен төлеу мүмкіндігі көзделген. |
|
43 |
Кәсіпорынның екінші деңгейлік банк алдындағы жалақы қоры бойынша үлкен кредиторлық және салықтар бойынша қарызы бар. Кәсіпорынды төлем қабілетсіздігіне жеткізбеу үшін қандай шаралар қабылдау қажет? |
Шаруашылық субъектісін сауықтырудың бірнеше тәсілі бар. Олар – қарызды қайта құрылымдау, оңалту ресімін қолдану және салықтық қарызды төлеу мерзімдерін өзгерту. |
|
44 |
Сіздің кәсіпорын банктың заңсыз әрекеттер салдарынан несие ала алмай жатыр. Өз құқықтарыңызды қалай қорғауға болады? |
Банктің әрекеттеріне шағымдану үшін барлық қажетті құжаттар мен дәлелдерді ұсына отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне жүгіну қажет. Егер мәселе шешілмесе, сотқа арыздану қажет. |
|
45 |
Мен бизнес үшін ғимарат жалдаймын, ал жалға беруші алдын ала ескертусіз жолдау ақысын көтерді. Бұл заңды ма? |
Жалдау шарттарының барлық өзгерістері, соның ішінде жалдау төлемін көтеру шартта көрсетілуі тиіс. Егер жалға беруші шарт талаптарын бұзса, сотқа жүгінуге болады. |
|
46 |
Сіз бизнесіңізге рейдерлік басып алу қаупі бар деп күдіктенесіз. Қандай қорғау шараларын қабылдауға болады? |
Тез арада құқық қорғау органдарына немесе Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенге» жүгіну қажет. |
|
47 |
Жеткізуші келісімшарт шарттарын бұзып, тауарды уақытында жеткізбеді. Құқықтарыңызды қалай қорғауға және шығындарды қалай өтуге болады? |
Жеткізушіге ресми талап (наразылығы) жіберіп, міндеттемелерді орындауды немесе залалдарды өтеуді талап ету қажет. Егер бұл нәтиже бермесе, сотқа шағымдану керек. |
|
48 |
eGov.kz порталындағы цифрлық құжат дегеніміз не? |
Цифрлық құжат – құжаттың түпнұсқа аналогы. Цифрлық құжатты табу үшін:
|
|
Бөлім: Еңбек қатынастары |
|||
49 |
Жас ерекшелігіне байланысты жұмысқа қабылдауда кемсітушілік тап болсаңыз, не істеу керек? |
Ұйымның кадр бөліміне жүгініп, жұмысқа қабылдаудан бас тарту себептерін түсіндіруді сұраңыз. Егер себептер анық кемсітушілік болса, аумақтық еңбек инспекциясына шағым түсіруге болады. Сондай-ақ кәсіподаққа немесе еңбек құқықтарын қорғаумен айналысатын ұйымдарға көмек пен кеңес алу үшін жүгінуге болады. |
|
50 |
Еңбек шартының болмауы қандай салдарға әкеледі? |
Егер еңбек шарты мүлдем жасалмаса немесе дұрыс ресімделмесе, бұл жұмыс берушінің кінәсі болып табылады және ол заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылады. Мұндай жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындаған болып есептеледі. Сонымен қатар, еңбек шартының дұрыс ресімделмеуі көбінесе еңбек даулары туындағанда оның шарттарын дәлелдеуді қиындатады және жұмыс берушінің өз құқықтарын асыра пайдалануына әкелуі мүмкін. |
|
51 |
Қосымша жұмыс істеуден бас тартуға бола ма? |
Жұмыс беруші қызметкерді қосымша жұмысқа тек жазбаша келісімімен ғана тарта алады. Еңбек кодексінде қызметкердің келісімінсіз қосымша жұмысқа тартуға болатын ерекше жағдайлар қарастырылған:
Бұл жағдайлар болмаған кезде, жазбаша келісімі жоқ қызметкерді қосымша жұмысқа тартуға болмайды. |
|
52 |
Қосымша жұмысты орындаудан бас тартуға бола ма? |
Қызметкер қосымша жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы, ал жұмыс беруші оның орындалуын тоқтату туралы тапсырманы тоқтатуға міндетті. Бұл туралы екінші тарапқа қосымша жұмыс аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлануы тиіс. |
|
53 |
Жұмыстан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қай күннен бастап алуға болады? |
Жұмыстан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу құқығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап туындайды. |
|
54 |
Жұмыс беруші жарақат алған қызметкерге тергеу материалдарын ұсынуға міндетті ме? |
Жарақат алған қызметкер немесе оның өкілі жұмыс қызметімен байланысты жазатайым оқиғаның барлық тергеу материалдарымен танысуға және қажетті үзінділерді алуға құқылы. |
|
55 |
Қандай жағдайларда жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті? |
Жұмыс беруші қызметкерді келесі жағдайларда жұмыстан шеттетуге міндетті:
|
|
56 |
Жұмыс беруші қандай жағдайда жүкті және балалары бар әйелдермен өз бастамасымен еңбек шартын бұза алмайды? |
Жүкті екенін растайтын анықтаманы ұсынған жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (немесе он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналармен, сондай-ақ осындай балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа адамдармен еңбек шартын бұзуға болмайды. |
|
57 |
Қандай жағдайда жұмысшының келісімінсіз демалыс күндері жұмысқа тартуға болады? |
Қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері келесі жағдайларда жұмысқа тартуға болады:
|
|
58 |
Қандай еңбек даулары келісім комиссияларында, ал қайсысы сотта қаралады? |
Келісім комиссияларында жұмыс беруші мен қызметкер арасында туындайтын барлық жеке еңбек даулары қаралады, бірақ келесі жағдайлардан басқа микрокәсіпкерлік субъектісі, 15 адамнан аспайтын қызметкерлері бар коммерциялық емес ұйым, үй жұмыскерлері, заңды тұлғаның жалғыз атқарушы органы немесе оның басқарушы органдары мүшелері арасындағы даулар. Егер келісім комиссиясында дау шешілмесе немесе оның шешімі орындалмаса, дау сотта қаралады. |
|
59 |
Келісу комиссиясына немесе сотқа жүгінуде қандай мерзімдері көзделген (сотқа дейінгі міндетті реттеу кезінде)? |
Жеке еңбек даулары бойынша келісім комиссиясына немесе сотқа жүгінудің келесі мерзімдері белгіленеді:
|
|
60 |
Бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алуға кімнің құқығы бар? |
Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және балаға (балаларға) күтім жасауды жүзеге асыратын тұлғаға бала бір жарым жасқа толғанға дейін тағайындалады. Егер баланы бірнеше адам күтіп жатса, әлеуметтік төлем тек бір адамға тағайындалады. Екі немесе одан да көп бала туған жағдайда, әр бала үшін жеке әлеуметтік төлем тағайындалады. |
|
61 |
Егер жұмыс беруші жалақы төлеуден бас тартқан жағдайда не істеу керек? |
Жұмыс берушіге шағым хат жіберіп, оған сіздің компанияда жұмыс істегеніңізді растайтын құжаттарды (жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар, жұмыс уақытын есепке алу табелдері, есеп айырысу парақтары және т.б.) қоса ұсыныңыз. Еңбек инспекциясына жүгініп, шағым жазыңыз. Сондай-ақ жалақы бойынша қарызды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінуге болады. |
|
Бөлім: Қаржылық қауіпсіздік және алаяқтықтан қорғау |
|||
62 |
Қаржылық пирамидаға тап болған жағдайда не істеу қажет? |
Егер сіз қаржылық пирамидаға тап болғаныңызға күмәндансаңыз, тұрғылықты жеріңіздегі құқық қорғау органдарына дереу жүгініңіз. Сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Call-орталығының 1459 қысқа нөміріне (жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін) хабарласуға болады. |
|
63 |
Өзіңіз алмаған несие анықталған жағдайда не істеу керек? |
|
|
64 |
Өз несие тарихын қалай тексеруге болады? |
Заң бойынша Қазақстанның әрбір азаматы жылына бір рет несие тарихын тегін тексере алады. Бір жыл ішінде қайталанған сұраным үшін қызмет құны 400 теңгені құрайды. Онлайн режимінде қызмет алу жолдары: - бірінші несие бюросының сайты немесе 1CB.kz мобильді қосымшасы арқылы (ЭЦҚ қажет); - eGov.kz электрондық үкімет порталының онлайн қызметі арқылы. Офлайн режимінде қызмет келесі мекемелерде жеке куәлікті көрсету арқылы ұсынылады: - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдарында; - «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінде. |
|
65 |
Телефон алаяқтары мен киберқылмыскерлерден қалай қорғануға болады? |
1) Егер алаяқтар «банк қауіпсіздік қызметінен» қоңырау шалса: - диалогқа түспеңіз және телефон тұтқасын қойыңыз; - ешқашан құпия сөздерді, SMS-кодтарды, пин-кодтарды немесе CVV/CVC-кодтарды айтпаңыз; - қоңырауды аяқтап, шоттарды тек ресми банк қосымшалары арқылы тексеріңіз. 2) Егер алаяқтар өз нөмірін сіздің жақындарыңыздың нақты нөміріне ауыстырып, жедел мәселені шешу үшін ақша аударуды сұраса: - саспаңыз және ақша жібермеңіз; - тікелей жақындарыңызбен байланысыңыз; - полицияға жүгініңіз. 3) Егер әлеуметтік желілерде немесе телефонға бейтаныс нөмірлерден ақша, сыйлық немесе басқа пайда алу туралы хабарлама келсе: - хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз; - хабарламаларға жауап бермеңіз және өтініштерді орындамаңыз; - интернетке қосылатын барлық құрылғыларыңызға антивирус орнатыңыз. |
|
66 |
Жеке деректерді қалай қорғауға болады? |
Жеке деректерді қорғау үшін алты айға несие және микронесиелерді ресімдеуге тыйым салуға болады. Ол үшін eGov mobile немесе eGov.kz арқылы өтініш беріңіз. Мұндай шектеуді автоматты түрде алып тастауға болады. |
|
67 |
Егер жеке деректер келісімісіз интернетте жарияланған жағдайда не істеу керек? |
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне [email protected] электрондық поштасына хат жазып немесе 8 (7172) 74-99-80 нөміріне хабарласуға болады. |
|
68 |
Мемлекеттік реестрде сақталған жеке деректердегі қателікті анықтаған жағдайда не істеу қажет? |
Сіз тиісті мемлекеттік органға (мысалы, АХАЖ, төлқұжат бөлімі немесе салық инспекциясы) жеке деректерге түзетулер енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуіңіз керек. Дұрыс деректерді растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Егер қате түзетілмесе, жоғары тұрған органға жүгіне аласыз. |
|
Бөлім: Әлеуметтік қамтамасыз ету |
|||
69 |
Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны алуға кімдер құқылы? |
Төрт және одан да көп бірге тұратын балалары бар отбасылар жәрдемақы алуға құқылы, олардың қатарына мыналар жатады:
|
|
70 |
Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін қалай алуға болады? |
Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға үшін жолдамаларды беру https://indigo24.kz автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ата-аналар өз баласының ЖСН енгізу арқылы жолдаманы өз бетінше ала алады. Басымдықты қолжетімділік ашылған өтініш берушілер бос органдар туралы ақпаратты қарап, егер қазығушылық танытса, өздері таңдаған мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін электрондық жолдаманы өз бетінше алады. |
|
71 |
Мүгедектік санаты болған жағдайда мемлекеттік қызметтерді үйде қалай алуға болады? |
1 және 2-топтағы мүгедектігі бар азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу үшін 1414 нөміріне тегін қоңырау шалып, өтінім қалдыра алады. Өтінімде өз аты-жөні, қажетті мемлекеттік қызметтің атауы, байланыс телефондарын (туыстарының, көршілерінің, әлеуметтік қызметкерлердің және т.б.) көрсету қажет. |
|
72 |
Тегін медициналық көмекті кімдер ала алады? |
Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттік кепілдендірілген тегін медициналық көмекті (ТМККК) шеңберінде тегін алуға құқылы. |
|
73 |
Емханаға қалай тіркелуге болады? |
Сіз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАҚ) көрсететін ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, емханаға тіркеле аласыз. Емханаға тіркелу онлайн түрде электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. |
|
74 |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп кімдер танылады? |
Қазақстан Республикасының азаматтары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйі болмаған жағдайда келесі шарттарға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады:
|
|
75 |
Алиментті сот тәртібімен өндіріп алу құқығы қандай жағдайларда туындайды? |
Ата-аналар балаларды күтіп-бағу қалай жүзеге асыртылатынын өзара шеше алады. Егер алимент туралы нотариалды куәландырылған келісім болмаса, сотқа жүгінуге болады. Егер мұндай келісім бар болса, алиментті тек келісім бұзылған жағдайда ғана өндіріп алуға болады. |
|
76 |
Бұрынғы жұбайын асырау міндеттемелері қандай жағдайларда туындайды? |
Қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан сот тәртібімен алимент талап ету құқығына келесі тұлғалар ие:
|
|
Бөлім: Миграция және азаматтық |
|||
77 |
Көші-қон жол бермеу заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін не істеу керек? |
Көші-қон заңнаманы бұзудың алдын алу үшін азаматтарға келесі әрекеттерді орындау ұсынылады:
|
|
78 |
Қазақстанның көші-қон қызметіне қалай тіркелуге болады? |
eGov.kz порталына кіру қажет;
|
|
79 |
Қандас мәртебесін ҚР шетелдік өкілдіктері арқылы қалай алуға болады? |
|
|
80 |
Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен кімдер ала алады? |
Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркеу) тәртібімен келесі тұлғалар ала алады:
|
|
Бөлім: Зияткерлік меншік |
|||
81 |
Зияткерлік меншік құқықтары бұзылған жағдайда не істеу керек? |
Зияткерлік меншік құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік, қылмыстық және азаматтық жауапкершілік қарастырылған. Құқық бұзылған жағдайда сотқа жүгініп, зиянды өтеуді, өтемақы төлеуді немесе зияткерлік меншік объектісін пайдалануға тыйым салуды талап етуге болады. |
|
82 |
Тауар белгісі дегеніміз не және оны қалай тіркеуге болады? |
Тауар белгісі – бұл бір тұлғаның тауарлары мен қызметтерін басқалардан ажыратуға арналған белгі. Тіркеу үшін eGov.kz порталында Ұлттық зияткерлік меншік институтына (Қазпатент) өтінім беру керек. Өтінімде тауар белгісінің суреті мен тауарлар мен қызметтердің сыныптарының сипаттамасы болуы тиіс. |
|
83 |
Патентті қалай тіркеуге болады? |
Өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге патент алу үшін eGov.kz порталы арқылы Ұлттық зияткерлік меншік институтына (Қазпатент) электрондық өтінім беру қажет. Өтінімде өнертабыс сипаттамасы мен оның техникалық сипаттамалары көрсетілуі тиіс. |
|
84 |
Авторлық құқықтың қолданылу мерзімі қанша? |
Авторлық құқық автордың өмір бойына және қайтыс болғаннан кейін 70 жыл ішінде қолданылады, егер заңнамада өзгеше көрсетілмесе. |
|
85 |
Мен кітап жаздым және оны онлайн-платформа арқылы шығарғым келеді. Авторлық құқықты қалай қорғауға болады? |
Сіздің авторлық құқығыңыз шығарманың жасалған сәтінен бастап автоматты түрде пайда болады. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін шығарманы тіркеу талап етілмейді. Қосымша қорғау үшін eGov.kz порталы арқылы Ұлттық зияткерлік меншік институтына (Қазпатент) өтініш беріп, шығармаңыз туралы ақпаратты авторлық құқықпен қорғалатын объектілердің мемлекеттік тізіліміне енгізе аласыз. |
|
86 |
Мен жұмыс процесін жақсартудың жаңа әдісін ойлап таптым. Осы өнертабысқа патент ресімдей аламын ба? |
Иә, егер сіздің әдісіңіз жаңалық, өнертапқыштық деңгейі және өнеркәсіптік қолданылу талаптарына сәйкес келсе, патент алуға өтінім бере аласыз. Дегенмен, егер өнертабыс сіздің еңбек қызметіңізге байланысты болса, оған құқық сіздің жұмыс берушіңізге тиесілі болуы мүмкін, егер бұл еңбек шартыңызда көрсетілсе. |
|
87 |
Көрнекті орындардың фотосуретін түсіріп, оны коммерциялық мақсатта пайдаланғым келеді. Рұқсат алу қажет пе? |
Егер сіз қоғамдық орынды суретке түсірсеңіз, әдетте рұқсат қажет емес. Алайда, егер фотода авторлық құқықпен қорғалатын объектілер (мысалы, мүсіндер) немесе жеке тұлғалар болса, сізге құқық иесінің немесе суреттегі адамдардың келісімі қажет болуы мүмкін. |
|
88 |
Сіз шағын дүкен аштыңыз және жарнамада белгілі бір ұранды пайдаланғыңыз келеді. Бұл заңды ма? |
Тіркелген ұранды рұқсатсыз пайдалану зияткерлік меншік туралы заңды бұзу болып табылады. Ең дұрысы, өзіңіздің бірегей ұраныңызды жасаңыз немесе бар ұранды пайдалану үшін лицензия (рұқсат) алыңыз. |
|
89 |
Коммерциялық құпияны зияткерлік меншік ретінде қорғауға бола ма? |
Егер ақпарат коммерциялық құндылыққа ие болса және кәсіпорын оның құпиялылығын сақтау шараларын қабылдаса, коммерциялық құпияны зияткерлік меншік ретінде қорғауға болады. |
|
90 |
Мен дизайнерге компанияма логотип жасауға тапсырыс бердім. Логотипке құқық кімге тиесілі болады? |
Шарттың талаптарына байланысты тіпті сіз жұмысқа ақы төлеген болсаңыз да, авторлық құқық дизайнерде қалуы мүмкін. Құқықтардың сізге берілуі үшін дизайнермен логотипке мүліктік құқықтарды беру туралы шарт жасау қажет. |
|
Бөлім: Атқарушылық іс жүргізу |
|||
91 |
Сот шешімдерін мәжбүрлі түрде орындау дегеніміз не? |
Мәжбүрлі орындау – бұл борышкер өз міндеттемелерін ерікті түрде орындамаған жағдайда сот актісін, шешімін немесе қаулысын орындау процесі. Орындауды атқарушылық іс жүргізу органдары жүзеге асырады. |
|
92 |
Мәжбүрлі орындау мерзімдері қандай? |
Атқарушылық іс жүргізу қозғалатын күннен бастап екі ай ішінде аяқталуы тиіс, егер заңнамалық актілерде басқа мерзімдер белгіленбесе. |
|
93 |
Мәжбүрлі орындау кезінде қандай шаралар қолданылуы мүмкін? |
Сот орындаушысы мыналарды қолдана алады: борышкердің мүлкіне тыйым салу, елден шығуға шектеу қою, банктік шоттардан қаражат алу, жалақы мен зейнетақының бір бөлігін ұстау, мүлікті алып қою және оны сату. |
|
94 |
Сот шешімі бойынша қарызды төлеуім қажет, бірақ жеткілікті қаражатым жоқ. Мұндай жағдайда не болады? |
Сот орындаушысы сіздің мүлкіңіз бен табыстарыңызға тыйым салуы мүмкін. Егер қаражат жеткіліксіз болса, жалақыңыздан немесе зейнетақыңыздан 50%-ға дейін ұсталуы мүмкін. Егер мүлік болмаса, атқарушылық іс жүргізу қаражат пайда болғанға дейін тоқтатылады. |
|
95 |
Сот шешімін орындаудан жалтарған жағдайда борышкерге қандай санкциялар қолданылуы мүмкін? |
Сот шешімін орындаудан жалтарғаны үшін борышкер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады, оның ішінде айыппұлдар, қамауға алу және сот үкімін қасақана орындамау жағдайында бас бостандығынан айыру мүмкіндігі бар. |
|
96 |
Сот орындаушысы менің банктік шоттарымды бұғаттады, бірақ олардың бірінде тек балалар жәрдемақысы бар. Бұл заңды ма? |
Жоқ, балалар жәрдемақысы мен алимент қаражаттарына тыйым салынбайды. Сіз сот орындаушысына мәлімдеме жасап, бұғатталған шоттағы қаражаттың мақсатты сипатта екенін дәлелдейтін құжаттар ұсынуыңыз қажет. |
|
97 |
Қарыздарды өтеу бойынша төлемдерді бөліп төлеу туралы сот орындаушысымен келісуге бола ма? |
Иә, егер сіздің қаржылық жағдайыңыз қарызды бірден төлеуге мүмкіндік бермесе, сіз сот орындаушысына бөліп төлеу немесе төлемдерді кейінге қалдыру туралы өтініш жасай аласыз. Шешім нақты жағдайға және өндіріп алушының келісіміне байланысты қабылданады. |
|
98 |
Маған қарызым үшін шетелге шығуға шектеу қойылды. Бұл шектеуді қаншалықты жылдам алып тастауға болады? |
Шектеу қарыз толық өтелгеннен кейін және төлемді растайтын құжаттар сот орындаушысына тапсырылған соң алынады. Бұдан кейін орындаушы тиісті органдарға шектеуді алып тастау туралы хабарлама жібереді, және шектеу бір жұмыс күні ішінде жойылады. |
|
99 |
Мен автокөлікті саттым, бірақ жаңа иесі оны өз атына ресімдемеді, сол себепті маған тыйым салынды. Не істеу керек? |
Сізге сот орындаушысына көлікті сату фактісін дәлелдеу қажет. Бұл үшін сату-сатып алу шартын немесе көлікті тіркеу органдарына берілген өтінішті ұсынуға болады. |
|
1000 |
Менің бұрынғы жұбайым алимент төлемейді. Не істеу керек? |
Егер бұрынғы жұбайыңыз алимент төлеуден жалтарса, сіз сот орындаушысына жүгініп, атқарушылық іс қозғауды сұрай аласыз. Сондай-ақ алимент төлемдерін арттыру немесе төлеу тәртібін өзгерту үшін сотқа жүгінуіңізге болады. |